17 млрд теңгеге жөнделген Екібастұз ЖЭС алғашқы аязда-ақ ақауға ұшырады

Желтоқсан 10, 2023 - 12:21
Желтоқсан 11, 2023 - 08:44
17 млрд теңгеге жөнделген Екібастұз ЖЭС алғашқы аязда-ақ ақауға ұшырады
Сурет ашық дереккөзден алынды

Бүгін, 10 желтоқсан күні Екібастұз жылу электр станциясында тағы да бір өндірістік апат тіркелді, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Айта кетейік, 27 қараша күні Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз жылу электр станциясының жөндеуіне жалпы сомасы 17 млрд теңге тартылғанын хабарлаған еді. Бұл қаражаттың тең жартысы - бюджеттікі, екінші бөлігі инвестордікі. 

Қомақты қаражат құйылған жылу электр станциясы қыстың алғашқы аяздарына шыдамай, бүгін күл шығаратын құбырын су басып қалған.

"Апат түнгі сағат 01:00-де болды. Күл шығаратын құбырда ақау пайда болып, сағат 05:30-да зақым жойылды. Апат салдарынан су жылу қазандығының екінші цехін су басқан. Төтенше жағдайлар басқармасы мен жылу электр станциясының қызметкерлері багер сорғысын ауыстырып, суды сорғызып жатыр", - деп хабарлаған «ЕкібастұзЖылуЭнерго» ЖШС-ның баспасөз қызметі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow