Қазақстанда 2 бала қызылшадан шетінеді, 15 баланың хәлі мүшкіл

Желтоқсан 28, 2023 - 14:04
 0  164
Қазақстанда 2 бала қызылшадан шетінеді, 15 баланың хәлі мүшкіл
Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстан бойынша қызылша жұқтырған 15 баланың жағдайы ауыр. Осы уақытқа дейін 2 бала осы дерттен көз жұмды. Бұл туралы Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia.

Есмағамбетованың айтуынша, көз жұмған екі нәресте әлі бір жасқа толмаған. Оның біреуі - шала туған бала,

“Мерзімінен бұрын туған бір баланың көп патологиясы болған, оның үстіне қызылша жұққан. Екі бала да әлі бір жасқа толмаған. Бір өлім Астана қаласында, біреуі ШҚО-да тіркелді”,-деді ол.

Бас санитардың айтуынша, қазір Қазақстан бойынша қызылша жұқтырған 15 баланың жағдайы ауыр. Олардың көбі - қызылшаға қарсы вакцина алмаған балалар.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 1