"Қайрат Сатыбалдыға байланысты қылмыстық іс сотқа жіберілді"
Экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалды мемлекетке 650 млрд теңгеден астам қаражатты қайтарды, деп хабарлайды sadaqmedia.
2023 жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша Қайрат Сатыбалды мемлекетке 650 миллиард теңгенің мүлкін қайтарды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтың ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты.
Ведомство өкілінің айтуынша, қазір Сатыбалдадан тәркіленген мүліктің барлығы мемлекет меншігіне өткен. Олардың жалпы құны 850 миллиард теңгеден асады.
"Қайрат Сатыбалды бойынша елден заңсыз шығарылған 650 млрд теңге (1,4 млрд доллар) мемлекетке қайтарылды. Оның ішінде әртүрлі мүлік бар", – деді Арман Тілеукенов брифинг барысында.
Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық қылмыстық істерді тергеу аясында соңғы екі жылда мемлекетке 912 миллиард теңге қайтарған.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тағы бір тергеуді аяқтады. Сондай-ақ оның үстінен салық төлеуден жалтару фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл жөнінде де ведомствоның ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді.
“Иә, бұл факт бойынша сұрақтар келіп түсуде. Қайрат Сатыбалдыұлына байланысты агенттік қылмыстық жолмен алынған активтерді жылыстату фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі аяқтап, сотқа жіберді. Сатыбалдыұлының қылмыстық жолмен алынған қаражатқа және заңсыз ақшадан түскен пайдаға түрлі мүлікті (оның ішінде шетелде сатып алған), оның ішінде шетелден алып, ақшасын Қазақстан және шетелдегі банк шоттарына салған", -деп мәлімдеді Арман Тілеукенов.
Ведомство өкілі, Сатыбалдыға қатысты салық төлеуден жалтару эпизоды бойынша тағы бір тергеу жүріп жатқанын айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?