8 адам зардап шеккен: Өскеменде аспалы көпір құлады
Оқыс оқиға 7 мамыр күні сағат 20:30 шамасында Өскемен қаласындағы Карбышев көшесінде болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға кезінде көпір үстінде 8 адам, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған жасөспірім болған.
Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Зардап шеккендер дәрігерлердің тексеруінен өтті. Ауыр жарақаттар тіркелген жоқ, тек жеңіл сырылып, көгергені анықталды.
"Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Жағдай Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға балалардың көпірді тербетіп ойнауы себеп болған. Кәмелетке толмағандар конструкцияны шайқағандарын мойындаған, соның салдарынан көпір төсеміне зақым келген", – делінген әкімдік хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0