80 жастағы зейнеткер 8 баласы мен немересінен алимент өндіріп алды

Атырауда 80 жастағы зейнеткер сегіз баласы мен бір немересінен өзін күтіп-бағуға алимент талап етіп, сотқа шағым түсірген, деп хабарлайды «Мой город».
Сотта зейнеткер 10 жылдан астам жалғыз екенін, балаларының ішінде бір ұлы ғана хабарласып тұратынын, қалған балалары мен немересі ешқандай материалдық, моральдық қолдау көрсетпейтінін айтқан. Оның айтуынша, денсаулығы мен материалдық жағдайының нашарлауына байланысты туыстарының көмегіне зәру.
“Заң бойынша кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар көмекке мұқтаж мүгедек ата-анасын асырауға және оларға қамқорлық жасауға міндетті. Олар кәмелетке толған еңбекке жарамды немерелерінен алимент өндіруді сот арқылы талап етуге құқылы”, – деді сот.
Атырау қалалық соты тараптардың әрқайсысының материалдық және отбасылық жағдайына талдау жасап, талапкердің талаптары ішінара қанағаттандыруға жатады деген қорытындыға келді. Сот оның 8 баласы мен немересінен зейнеткердің тамағы мен дәрі-дәрмегі үшін 3 АЕК (11 796 теңге) мөлшерінде алимент өндіру туралы шешім шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?






