Ақтөбеде суицид жасаған әскери қызметшінің анасы күтпеген мәлімдеме жасады

Марқұм әскери қызметшінің анасы түсірген бейнеүндеу әлеуметтік желіде тарады.

Қараша 25, 2024 - 09:27
Ақтөбеде суицид жасаған әскери қызметшінің анасы күтпеген мәлімдеме жасады
фото: әлеуметтік желіден

Ақтөбе облысында өз-өзіне қол жұмсаған әскери қызметшінің анасы ұлының өліміне әскерді кінәлі деп санамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сайты.

Марқұм әскери қызметшінің анасы түсірген бейнеүндеу әлеуметтік желіде тарады. Видеода әйел ұлының үстіміздегі жылдың сәуір айында әскер қатарына алынғанын айтты.

Анасының сөзінше, оған әскердегі қызмет ұнаған. Әйел ұлының өліміне әскерді кінәламайтынын айтып, көпшіліктен сарбаздарды қолдауды сұрады. 

«Мен әскерді кінәламаймын. Бұл – тағдыр. Менің ұлым басқа жігіттердің өз қызметін лайықты түрде аяқтағанын қалайтын еді. Олар жағымсыз жаңалықтарға аз көңіл бөліп, өз міндеттерін орындауға назар аударуы керек», - дейді әйел бейнеүндеуде.

Ол сондай-ақ қазақстандықтардан жалған ақпарат таратпауды сұрады. Бұған дейін Ақтөбе облысында Павлодардан шақырылған мерзімді әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлағанбыз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow