Абай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Ақпан 19, 2026 - 21:53
 0  15
Абай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Фото: видеодан скрин

Абай облысында екі автокөлік соқтығысып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 19 ақпанда сағат 15:25–те болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Омбы-Майқапшағай тасжолының 867-шақырымында, Салқын-Төбе ауылының маңында Lada Priora және Chevrolet Cobalt маркалы автокөліктер бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан 4 адам қаза болып, тағы үш адам түрлі дене жарақаттарын алды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», –  деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0