«Абайдың тойын кемпірдің көтімен ашып...»: белгілі әнші Лопестің консертін Абай тойымен қатар қойғандарды сынады

Белгілі әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай Дженнифер Лопестің Астанада өткен жеке концерті туралы пікір білдірді, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Әнші өз жазбасында Лопестің консертінің Абай тойымен қатар қойылғанына ренішін білдірген:
«Біз гонорар сұрасақ – жылайсыңдар,
Өсек қылып әркімге ұнайсыңдар.
Ал жатқа төгесіңдер миллиондарды,
Соңынан елге өтірік құрайсыңдар.
Жалаңаш көтке миллиондар шашып жатып,
Неге бізден тегін өнер сұрайсыңдар?
Әлемге даңқы кеткен өнерімді,
Көттеріңе қарамай сынайсыңдар.
Бұл өнерім Қорқыттан келе жатыр,
Киесі атып бір күні құлайсыңдар!
Ал әзірше құл-құтаным құтыра түс,
Бұл күнде қор қазаққа – Күн, Айсыңдар,
Күн, Айлығың құл-құтаным сол емес пе,
Сарт-сауан, арабпенен сыбайсыңдар.
Жер жаһанның кемпір-сампырын жиып алып,
Алды-артын гонорармен сылайсыңдар.
Өзіңді теуіп өзекке, жатты жарылқап,
Ал қашан өздеріңді сыйлайсыңдар?
....Абай тойын кемпірдің көтімен аштың,
Дұрыс па, осыларың – Құдайсыздар?!
Сіздің реакцияңыз қандай?






