«Әбден қанымды ішті»: Қалдыбек Құрманәлі қызынан әбден шаршағанын айтты

Танымал адвокат Ләззат Ахатова жәбірленуші Әнару Құрманалиеваға қатысты тың мәліметтерді жариялады. Бұл туралы Sadaq.kz хабарлайды.
Құқық қорғаушы Әнарудың әкесімен болған арадағы хабарламаны жариялады. Композитордың сөзінше, қызы жүйкесін тоздырған көрінеді.
“Мен кеше қызыммен қырылып қалдым. Әбден қанымды ішті. Түнімен ұйықтай алмай шықтым. Сөйтіп ауырып қалдым. Жаңа ғана басымды көтердім. Мен бұл қызға не істерімді де білмеймін. Бұл ауру емес. Кішкентайынан мінезі сондай. Айтқаны болмаса терезеден секіремін, үйден кетіп қаламын деп шешесінің жүйкесін тоздырған. Мынау шешесінің момындығын біліп алып, білгенін істеген. Кім жылы сөйлесе, алдымен соған еркелеп, соңынан есіре бастайды. Менің екі қарындасым да, туған ағамыздың қызы деп талай мәрте еркелігіне көнген болатын. Қазір араласпайды. Сенің де адам аяғыш, балажан екеніңді біліп алып, мазалап жатыр”, – деп жазған композитор.
Еске салайық, «Манипуляция жасауға бейім эгоист екен» деп Әнару Құрманәлінің адвокаты жәбірленушімен арадағы байланысты үзген еді.
Фото: web.facebook.com/photo
Сіздің реакцияңыз қандай?






