Адам шығыны бар: Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Желтоқсан 12, 2025 - 17:20
 0  1
Адам шығыны бар: Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: Павлодар облысы ПД

12 желтоқсанда Екібастұз – Солнечный ауылы бағытындағы автожолдың 10-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды sadaq.kz сайты turkystan.kz-ке сілтеп. 

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті жүргізуші қамалды.

«Алдын ала дерек бойынша, 12 желтоқсанда Екібастұз – Солнечный ауылы бағытындағы автожолдың 10-шақырымында “КамАЗ” маркалы автокөлік “НефАЗ” тіркемесімен қарсы қозғалыс жолағына шығып, Great Wall автокөлігімен соқтығысқан. Кейін көктайғақ салдарынан екі көлік те жол жиегіне аударылып түскен. Автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылды», – деп хабарлады ведомство.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Полиция департаменті осындай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол ережелерін қатаң сақтаудың, жылдамдық режимін бұзбаудың, әсіресе қозғалысы қарқынды жол учаскелерінде көліктің техникалық жағдайын бақылаудың және ауа райы жағдайларының өзгерісін ескерудің маңыздылығын еске салады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0