«Адамның басына бөлінген ақша иттің басына бөлінген ақшадан аз»: Танымал актер ашуға мінді

Сәуір 27, 2026 - 09:39
chat_bubble  0 visibility  1
«Адамның басына бөлінген ақша иттің басына бөлінген ақшадан аз»: Танымал актер ашуға мінді
фото: видеодан скриншот

Актер Алмат Сақатов қаңғыбас иттер мәселесіне қатысты пікір білдіріп, қоғамда адам тағдыры емес, иттердің жайы көбірек талқыланатынына қынжылды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесінің сөзінше, Алматыдағы Кеңсай зиратында қаңғыбас иттер көбейіп кеткен. Соның салдарынан адамдар бейіт басына баруға қорқатын жағдайға жеткен.

“Иттерді аяп, “оларға неге тиісесіңдер” дейді. Өз үйіңдегі ит болса, өзің қарайсың. Ал мен мұсылманның бейітінде тұрамын. Кеңсай зиратына келіп көріңіздерші, иттер өріп жүр. Жұма күні барып, құран оқып кетейін десең, балаңды жіберуге қорқасың”, — деді актер.

Сондай-ақ ол қоғамда ерекше балалар мен әлеуметтік мәселелердің тасада қалып жатқанын айтты.

“Қарттар үйіндегі балаларымыз бар, мүгедек балаларымыз бар. Аутизммен ауыратын немесе басқа дертке шалдыққан балалар туралы айтпайсыңдар да, ит жайлы айтасыңдар. Қаңғып жүрген ит мәселесін шешу керек. Адамның басына бөлінген ақша иттің басына бөлінген ақшадан аз. Сонда адам иттен жаман болды ма?” — деді Алмат Сақатов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0