Air Astana бортына қуаттау құрылғыларын алып кіруге тыйым салынды

Наурыз 13, 2025 - 15:31
Air Astana бортына қуаттау құрылғыларын алып кіруге тыйым салынды
@kandinsky21_bot

Air Astana литий батареяларын тасымалдау талаптарын күшейтті, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

2025 жылдың 13 наурызынан бастап Air Astana компаниялар тобы ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында литий батареялары мен оларды қамтитын құрылғыларды тасымалдауға қойылатын бақылау шараларын күшейтеді. 

Қолданыстағы саясат пен ережелерге сәйкес, қосалқы батареялар, соның ішінде сыртқы аккумуляторлар (пауэрбанктер) мен электронды шылым құрылғылары тек қол жүгінде тасымалдануы тиіс. Егер қол жүгін жүк бөліміне тапсыру қажет болса, жолаушы оның ішінен барлық қосалқы батареяларды алдын ала алып тастауы керек.

Ережелерге сәйкес, батарея сыйымдылығы 100 Вт/с аспауы тиіс.

"Сыйымдылығы 100-ден 160 Вт/с дейінгі батареяларды тасымалдауға тек әуе компаниясының алдын ала рұқсатымен ғана тасымалдауға алынады, және олардың саны бір жолаушыға екі данадан аспауы керек. Сыйымдылығы 160 Вт/с асатын батареяларды тасымалдауға тыйым салынады. Барлық батареялардың сыйымдылығы тексеріледі, ал сыйымдылығы көрсетілмеген немесе тиісті сертификаты жоқ батареялар тасымалдауға алынбайды.  

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында литий батареялары, сыртқы аккумуляторлар мен электронды шылым құрылғылары тек қол жүгінде тасымалданып, ұшақ салонындағы жүк сөрелеріне орналастырылуы тиіс. Ұшу кезінде батареяларды өзге құрылғыларды қуаттау үшін пайдалану, сондай-ақ оларды қуаттауға тыйым салынады.  

Air Astana және FlyArystan жолаушылардан сапар барысында қолайсыздықтарды болдырмау үшін әуе компаниясының ресми тасымалдау ережелерімен (Air Astana, FlyArystan) алдын ала танысуды сұрайды", - делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow