«Ақбаян басқа әйелмен ұстап алған»: сотта Сұлтан Сәрсемәлиевтің жүрісі сөз болды
Әлеуметтік желілерде Атыраудағы бүтін бір отбасы мүшелерінің өліміне байланысты қылмыстық істен үзінділер тарады. Онда марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шілмағамбетова Ақбаянға қатысты пікір білдірген, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеп.
Оның сөзінше, Мақсот Қарабалин Ақбаянды 2022 жылы Сұлтан Сәрсемәлиевтің үйінен себепсізден-себепсіз алып кетпеген. Бұл жағдайға Ақбаянның телефон арқылы айтқан шағымы себеп болыпты.
– Ағам Ақбаянды 2022 жылы бекерден-бекер Сұлтанның әке-шешесінің үйінен алып кетпеді. Ақбаян телефон соғып, Сұлтанды басқа әйелмен ұстап алғанын, ендігі жерде бірге тұра алмайтынын айтқан соң ғана әкесі алып кетті. Әйтпесе, әдейі араласқан ешкім жоқ, – деді Әдемі Шілмағамбетова.
Сотта сөз сөйлеген ол марқұм ағасының отбасылық мәселеге өздігінен араласпағанын түсіндірмек болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0