Әкімдік Салтанат Нүкенованың есімі Ұлттық жады қабырғасына ілінгенін жоққа шығарды

Қазан 6, 2025 - 17:19
Әкімдік Салтанат Нүкенованың есімі Ұлттық жады қабырғасына ілінгенін жоққа шығарды
Фото: instagram.com/aitym

Әкімдік марқұм Салтанат Нүкеноваға арналған тақтаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады sadaq.kz.

Қостанай облысы Амангелді ауданының әкімдігі Салтанат Нүкенованың есімі «Ұлттық жады қабырғасы» мемориалына енгізілгені туралы тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Әкімдіктің хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Бұған дейін Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді әлеуметтік желіде оның есімі Қазақстан тарихына ықпал еткен тұлғалардың пантеонына енгізілгені туралы жазған болатын.

Әкімдіктің мәліметінше, Салтанат Нүкенованың есімі жазылған тақта меценаттың жеке бастамасымен орнатылған. Ол Қостанай облысындағы туристік кешеннің аумағында орналасқан жекеменшік ғимараттың ішінде тұр және ресми «Ұлттық жады қабырғасы» мемориалына еш қатысы жоқ. Меценаттың бастамасымен бұл жеке ғимаратта тарихи тұлғалар мен оқиғаларға арналған бірнеше ондаған тақта орнатылған, Салтанат Нүкенованың есімі жазылған тақта да солардың қатарында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow