Әкімдік үнсіз: «Big Шанхайдағы» өрттен зардап шеккендер штабқа барып, дабыл қағуда

Шілде 18, 2025 - 12:34
 0  411
Әкімдік үнсіз: «Big Шанхайдағы» өрттен зардап шеккендер штабқа барып, дабыл қағуда
Фото: видеодан скрин, astanovka98

Астанадағы «Биг Шанхай» базарындағы алапат өрттен кейін сауда нүктелерінің иелері мен жалға алушылар билік ұйымдастырған арнайы штабқа жиналды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Кәсіпкерлер «енді қайтпекпіз?» деп, жауап күткенмен, әкімдік өкілдері нақты шешім ұсына алмай, жауапкершілікті әр мекемеге сілтеп, кәсіпкерлердің ашуын туғызды.

Арнайы штаб «Ануар» супермаркетінің 3-қабатында (Алаш тас жолы, 30а) ашылған. Мұнда төтенше жағдайлар департаменті, полиция, әкімдік пен басқа да тиісті басқармалар өкілдері кезекшілік атқарып, кәсіпкерлердің, жалға алушылар мен базар қызметкерлерінің өтініштерін қабылдап жатыр.

Зардап шеккендерге қандай қолдау көрсетілетіні әлі нақтыланған жоқ. Кәсіпкерлер биліктен нақты жауап пен көмек күтетінін айтады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0