«Ақындар да мені әңгіме қылыпты»: Жігер Ауыпбаев сүйіктісін меңзеп, қалжыңдағандарға жауап берді
Танымал әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде әзіл-қалжыңмен өзіне қарата айтылған өлең жолдарына жауап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Әнші алдымен өзіне жолданған видеоны жүктеп, қарсы жауабын айтты. Онда әншімен құрдас азамат ергежейлі атты (пони) ұстап тұрып ұйқас қууға тырысқан.
"Ауыпбаев Жігер құсап, өте кішкентайларды сүйемін мен", – деп айтқан видеодағы ер адам.
Айналасындағы ақындардың күлкісіне намыстанып, әнші де үнсіз қалған жоқ.
"Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын. Амансыздар ма? Мына жан-жақтан айтылып, жазылып жатқан пікірлер аз болғандай, енді ақындар да мені әңгіме қылыпты. Негізі мен де төрт ауыз сөздің басын құрай аламын. Ендеше сол өздерінің тілінде мен де жауап берейін: Сексен сегіздер деген шығыпты ғой. Менің кішкентайыма күліпті ғой. Қазақтың атқа мінер ақындары. Ұялмай пониға да мініпті ғой. Ақын бослаң, алысқа барсаңдаршы. Сахнада жұлдыздай жансаңдаршы. Жігіттің жас сұлуын өсек қылмай. Пониды жетістіріп алсаңдаршы-ей", – деді Жігер Ауыпбаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0