Ақмола облысында 8 вагон рельстен шығып аударылып қалды

Қараша 7, 2025 - 10:52
 0  17
Ақмола облысында 8 вагон рельстен шығып аударылып қалды

Ақмола облысында 8 вагон рельстен шығып, аударылып қалды. 

 "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, апат 6 қараша күні сағат 17:53-те Макинка станциясындағы "Бота 2015" ЖШС-нің кірме жолында болған. Рапс майы тиелген 12 вагон өздігінен жүріп кетіп, оның 8-і аударылған.

Маневрлік жұмыстарға тартылған локомотив жеке компанияға тиесілі, локомотив бригадасы да сол ұйымның қызметкерлері екен.

"Оқиға салдарынан байланыс желісінің құрылғылары зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Пойыздардың қозғалысында кідірістер бар", - деп хабарлады компания.

Апаттың салдарын жою және инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-тың апаттық және қалпына келтіру пойыздары жіберілді.

Арада жарты сағат өткеннен кейін ҚТЖ оқиға салдары жедел жойылып, қозғалыс қалпына келтірілгенін хабарлады. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0