Ақмола облысында әйелді пойыз басып кетті

Маусым 11, 2025 - 09:50
Маусым 11, 2025 - 10:10
Ақмола облысында әйелді пойыз басып кетті
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысындағы Анар стансасында қайғылы оқиға болды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 2025 жылдың 10 маусымында сағат 03:02-де болған.

«Анар станциясында жүк пойызының машинисі адамның кенеттен жолға шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Қабылданған шараларға қарамастан, қысқа қашықтыққа байланысты трагедияның алдын алу мүмкін болмады», - деп жазылған хабарламада.

Әйелдің жеке басы анықталды. Алдын ала болжам бойынша суицид жасаған. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. ҚТЖ теміржол инфрақұрылымы объектілерінің жанында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow