Ақмола облысындағы шахтаны заңсыз қазған екі адам көз жұмды

Мамыр 20, 2026 - 13:34
chat_bubble  0 visibility  1
Ақмола облысындағы шахтаны заңсыз қазған екі адам көз жұмды
Фото: Kazinform

Бестөбе кенішінде екі ер адам үйінді астында қалып қойды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Бестөбе кеніші опырылып, екі ер адам қаза тапты. Марқұмдардың бірі — 38 жаста, ал екіншісі — 21 жаста болған. 

— Полиция қызметкерлері, тергеу тобы және құтқару қызметтері оқиға орнына дереу жіберілді. Шұғыл құтқару жұмыстарынан кейін марқұмдардың денелері табылып, жер бетіне шығарылды, — деп хабарлады ведомство.

Степногор полиция бөлімі бұл оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1-бабының 3-бөлігі (қорғалатын нысанға заңсыз кіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Бейресми дереккөздерге сүйенсек, марқұмдар компания қызметкерлері емес.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0