Ақмола тұрғыны оқыс оқиғаның құрбаны болды

Қаңтар 9, 2026 - 12:31
chat_bubble  0 visibility  16
Ақмола тұрғыны оқыс оқиғаның құрбаны болды
Фото: Pixabay

Ол теміржолды кесіп өтпек болған. Алайда әйелді пойыз басып кеткен, деп хабарлайды sadaq.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға жол қозғалысы қағидаларын бұзу салдарынан болған.

Әйел түрлі дене жарақатымен облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілгенмен, дәрігерлер оны құтқара алмады.

Оқиғаға байланысты көліктегі полиция департаменті тергеу жұмыстарын бастады.

"8 қаңтар күні Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімі теміржол көлігін пайдалану және қозғалыс қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкелу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір барлық мән-жай анықталып жатыр, тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0