АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келісті
АҚШ пен Иран екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге келді. Бұл шешім Пәкістанның арағайындығымен қабылданған, деп хабарлайды sadaq.kz.
АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, Вашингтон осы мерзім ішінде әскери әрекеттерді тоқтатады. Шарт бойынша Иран Ормуз бұғазы арқылы кемелердің кедергісіз өтуін қамтамасыз етуі тиіс.
Трамп ұзақ мерзімді бейбіт келісімге қол жеткізу бағытындағы жұмыстар нәтижелі жүріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Иран ұсынған он тармақтан тұратын жоспар келіссөздер үшін негіз ретінде қарастырылуда.
CNN дерегінше, Израиль де осы кезеңде Иранға қарсы соққыларды тоқтатуға келіскен. Тегеран тарапы бітімге дайын екенін растады.
Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчидің айтуынша, алдағы екі аптада Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қауіпсіз өтуі қамтамасыз етіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0