«Ақтаудың шетіндегі түрмеге бардым»: Меруерт Түсіпбаева қиын кезеңдерін есіне алды
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева блогер Айнұр Асанбердінің "Әңгіме бар" подкастына берген сұхбатында өміріндегі қиын сәттерін әңгімелеп берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі соңғы уақытта бастан өткерген жағдайлар оған оңай соқпағанын айтып, көпшілік біле бермейтін жайттарды бөлісті. Әнші жазықсыз жалаға ұрынған Әліби Өтепбергенді іздеп, түрмеге барғанын айтты.
«Ақтаудың шетіндегі абақтыға бардым. Ешбір адамға түрме табалдырығын аттауды тілемеймін. Өмірімде өзім танымайтын қазақтың қазақтың қара домалақ баласын іздеп, түрменің босағасын аттадым. Өте қатты ыстық болды. Қатты толқыдым. Біз оған үміт бердік. Сол кезде жар салған блогер, жар салған әнші, жар салған жақсы-жаманның жүгін мен арқаладым. Әлібиді көрдім. Қолымнан келгенше басу айттым. Қолымыздан келмеді демедім. Мен оны жігерлендірдім. Талай жыл студент тәрбилеп жүрген ұстазбын ғой. Ол жетім бала, анасы ерте қайтыс болған. 21 кг тамағымды апардым. Онымен барынша позитивтік деңгейде сөйлесуге тырыстым», – деді әнші.
Оның айтуынша, осы оқиғалардан кейін қатты күйзеліске түскен. Бұл кездесуден кейін өзін жайсыз сезініп, денсаулығына әсер еткен.
«Қонақүйге кірген кезде есіктің босағасында талып қалдым. Маған өте ауыр болды. Әлібидің алдында ісімді аяғына дейін жеткізе алмағаным үшін, жоқ дегенде заңгер жалдап бере алмағыным үшін өзімді кінәлі санадым. », – деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0