Актер Нұрсұлтан Жақсыген үш жылға сотталуы мүмкін

Қыркүйек 15, 2026 - 17:49
 0  28
Актер Нұрсұлтан Жақсыген үш жылға сотталуы мүмкін
Фото: видеодан скрин

Ажырасқаннан кейін бұрынғы әйелі туралы жағымсыз ақпарат таратып, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деп айыпталған актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот отырысында прокурор жаза тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Журналист Руслан Өтепбайдың мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы актерді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Сот барысында Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі туралы әлеуметтік желіде жарияланған жазбалар мен айтылған сөздер қаралып жатыр.

Айыптау тарапы актердің әрекеті бұрынғы жұбайының ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деп есептейді.

Ал Нұрсұлтан Жақсыген өз атынан фейк парақша ашылғанын айтып, тағылған айыпты жоққа шығарды.

Әзірге сот үкімі шыққан жоқ.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0