«Ақтөбе» командасын еуропалық бапкер жаттықтыруы мүмкін

Наурыз 27, 2026 - 15:58
 0  10
«Ақтөбе» командасын еуропалық бапкер  жаттықтыруы мүмкін
Фото: Getty images

"Ақтөбе" клубының бас бапкері қызметіне еуропалық маман Штефан Таркович келуі мүмкін, деп хабарлайды Sadaq.kz.  

Мәліметтерге сүйенсек, “Ақтөбе” басшылығы Словакия футбол федерациясымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

27 наурыз күні 53 жастағы бапкер Астана қаласына екі көмекшісімен бірге келеді. Олардың қатарында талдаушы, жаттықтырушы және дене дайындығына жауапты маман бар.

Бұл мамандардың барлығы бастапқы кезеңде “Ақтөбе” командасымен бірге жұмыс істейді.

Еуропалық бапкер мен “Ақтөбе” арасындағы келісімшарт 1+1 жүйесі бойынша жасалмақ. Егер команда Қазақстан Премьер-лигасында чемпион атанса, маман тағы бір жылға келісімшартын ұзартады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0