Ақтөбе облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады
Үкімет Ақтөбе облысында «Қазақстанда алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу» туралы келісімнің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sadaq.kz. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды.
Жалпы құны 41,9 млрд теңге болатын жобаның инвесторы – «Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК ЖШС. Жаңа өндірістік кешеннің қуаттылығы жылына 280 млн литр өнімді құрайды.
Зауыттың құрылысы 2026 жылы басталады. Жоба аясында өңірде 120-дан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.