Ақтөбе облысында тойдан кейін төбелес болып, 26 жастағы жігіт қаза тапты
Ақтөбе облысында мерекелік кеш қайғылы жағдаймен аяқталды. Тойдан кейін 26 жастағы жас жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қайғылы оқиға 8 тамызда Шалқар қаласында болған. Тойдан кейін қатысушылар арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде қонақтардың бірі ауыр жарақат алып, көз жұмған. Марқұм небәрі 26 жаста болған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазір оқиғаның мән-жайы толық тексеріліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0