Ақтөбе облысында жол апаты төрт адамның өмірін жалмады

Тамыз 5, 2025 - 17:19
 0  36
Ақтөбе облысында жол апаты төрт адамның өмірін жалмады
Фото: Pixabay.com

Алға – Ақтөбе тасжолында Toyota Camry және Toyota Highlander автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Жол апатынан Toyota Camry автокөлігінің төрт жолаушысы қаза тапты, ал Camry жүргізушісі мен Highlander автокөлігінің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, жолда мұқият әрі жауапты болуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0