Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам қаза тапты

Жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы бетке шығып кеткен.

Сәуір 4, 2024 - 15:17
Сәуір 4, 2024 - 15:18
 0  85
Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам қаза тапты
Фото: Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Апат кеше Самара-Шымкент тасжолында Маржанбұлақ ауылына жақын маңда болған, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Тасжолда Өзбекстан Республикасының азаматы айдап келе жатқан Volvo жүк көлігі мен Toyota-Alphard минивэні соқтығысқан.

Апат салдарынан минивэн жүргізушісі мен оның 7 жолаушысы, Өзбекстан азаматтары оқиға орнында қаза тапты.

“Алдын-ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің доңғалағы жарылып, жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы бетке шығып кетіп, салдарынан көліктер соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды”, – деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 0