Ақтөбеде сұмдық жол апатынан бір ауылдың 12 адамы көз жұмды (ВИДЕО)

Апат бүгін, 23 қазан күні болған

Қазан 23, 2025 - 11:13
 0  522
Ақтөбеде сұмдық жол апатынан бір ауылдың 12 адамы көз жұмды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

23 қазан күні «Самара – Шымкент» автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «ГАЗель» жолаушылар көлігі бір-біріне соғылып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлағандай, алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. 

«Жол апатынан екі жүргізуші мен «ГАЗель» көлігінде отырған 10 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес адам аурухана түсті», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Жол апатына байланысты тергеу басталған. Полицияның мәліметінше, «ГАЗель» ресми түрде Жүргенов ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдайтын көлік болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @ztz_04_aktobe (@ztz_04_aktobe)

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0