Ақтөбеде құрғақ шөп өртеніп, 20-дан астам көлік жанып кетті

Қыркүйек 29, 2026 - 17:11
chat_bubble  0 visibility  4
Ақтөбеде құрғақ шөп өртеніп, 20-дан астам көлік жанып кетті
Фото: Видеодан скрин

Ақтөбеде жол жиегінде құрғақ шөп пен автокөлік бөлшектері өртенді. Төтенше жағдайлар қызметі жалынды дер кезінде сөндіріп, жақын маңда тұрған 27 көлікті өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға Ақтөбе қаласының Астана ауданында, Богослов тасжолы бойында болған.

ТЖМ мәліметінше, өрт толық сөндірілген. Жалынның көліктер тұрған аумаққа таралуына жол берілмеген.

"Өрт толықтай жойылды. Жалынның 27 автокөлік тұрған іргелес аумаққа таралуына жол берілген жоқ. Нәтижесінде барлық 27 автокөлікті сақтап қалу мүмкін болды. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0