Ақтөбеде оқушыны қаққан жүргізушіні әйел ұрып тастады
Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан алты жасар қыз баланы көлік қағып кетті. Қазіргі уақытта полицейлер ген жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды sadaq.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Мира даңғылында болған. Hyundai маркалы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан алты жастағы қызды қағып кеткен. Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы жарияланды.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала түрлі дене жарақаттарын алды. Бүлдіршін медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, алты жастағы бала көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде тексерілген.
Дәрігерлер оның аяқ-қолында сіңір созылуы мен сызаттар бар екенін анықтап, амбулаториялық ем тағайындаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0