Ақтөбеде үш кенші қаза тапты

Шілде 29, 2026 - 12:08
 0  18
Ақтөбеде үш кенші қаза тапты
Фото: әлеуметтік желі

Оқиға Самара — Шымкент тасжолының Хромтау қаласы маңында тіркелді. Жол апатында жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға кеше кешкі уақытта болды. Қаза тапқандар — кеншілер, Дөң кен-байыту комбинатының жұмысшылары. Олар өз жеке көлігімен жүрген.

"Хромтау қаласы маңында Audi және ГАЗель автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізу кезінде қайтыс болды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы мен себептері анықталып, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0