Ақтөбеде жол апаты 4 адамның өмірін жалмады

Ақпан 10, 2026 - 15:21
 0  29
Ақтөбеде жол апаты 4 адамның өмірін жалмады
Фото: Ақтөбе облысы ПД

Оқиға Ақтөбе-Орск тасжолында болды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қарғалы ауданы Қосестек ауылында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Полиция оқиға орнына барып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Opel маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды", — деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0