«Алаш және экономика»: «Sadaq» компаниясының ат салысуымен көрерменге деректі фильм жол тартты (ФОТО)

Мамыр 15, 2026 - 16:12
app_badging Мамыр 15, 2026 - 16:13
chat_bubble  0 visibility  4
«Алаш және экономика»: «Sadaq» компаниясының ат салысуымен көрерменге деректі фильм жол тартты (ФОТО)
Фото: sadaq.kz

Астанада «Ақ жол» демократиялық партиясының қаржылық және консультациялық қолдауымен, Sadaq компаниясының жетекшілігімен «Алаш және экономика» деректі-драмалық фильмі көрерменге жол тартты. Фильмнің тұсаукесері Asia Park сауда-ойын-сауық орталығында өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жоба Алаш қайраткерлерінің көпшілікке кең таныла бермейтін экономикалық көзқарастары мен бастамаларын арқау етеді. Фильмде Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Райымжан Мәрсекұлы секілді тұлғалардың саяси қызметімен қатар, экономиканы дамытуға қатысты ұстанымдары мен жобалары кеңінен баяндалады.

Туындыда қазақ даласының табиғи ресурстарын тиімді пайдалану, агроөнеркәсіпті дамыту, өндірістік кооперация құру, технология тарту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері қамтылған. Сонымен қатар ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының өндіріс, өңдеу саласы, қаржы жүйесі және өнеркәсіп бағытындағы тың идеялары көрсетіледі.

Фильм авторы – Серік Жолдасбай. Жобаға алаштанушы ғалымдар Тұрсын Жұртбай, Ержан Шағимолдин, Сұлтан-Хан Аққұлы, Өмірзақ Сұлтанов, Мақсат Халық және Елдос Сауырқан қатысты.

Сондай-ақ түсіру тобының құрамында продюсер Бақытнұр Әлібай, қоюшы режиссер Ералхан Серік,аев және Sadaq.kz сайтының бас редактор Дәурен Дариябек болды.

Жобаға толық техникалық қолдауды Sadaq компаниясы көрсетті.

Көрсетілімге 250-ден астам көрермен жиналып, зал толықтай толған. Көпшілік фильмді үлкен қызығушылықпен тамашалап, Алаш қайраткерлерінің бұрын көп айтыла бермейтін экономикалық мұрасына жоғары баға берген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0