Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтіп жатыр

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Осымен сегізінші мәрте түндігі түріліп отырған халықаралық маңызды жиын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді.
VIІI съезд жұмысына әлемнің шамамен 60 елінен 100-ден астам делегация ат басын бұрған. Форумға әлемдегі ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм және синтоизм секілді діндердің жетекші өкілдерімен қатар, халықаралық ұйымдардың мүшелері, сарапшылар мен саяси, қоғам қайраткерлері жиналды.
Форумның басты тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия». Жұмыс барысында секциялық отырыстар форматында бірқатар өзекті мәселелерді қарау жоспарлануда.
Съез аясында ауқымды іс-шаралар жоспарланған. Айта кетсек, 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен хатшылықтың XXIII отырысы өткізілді.
Сондай-ақ БҰҰ Өркениеттер альянсы аясында діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессиясы ұйымдастырылды.
Съездің екінші күнгі бағдарламасында «Жастар бейбітшілік жолында: болашақ үшін синергия» тақырыбымен ІІ Жас дін қайраткерлерінің форумы қарастырылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






