«Алладан да, халықтан да жасырмаймын!»: Мәжіліс депутаты некесіз туған ұлы бар екенін ашық мойындады

Қараша 5, 2025 - 14:52
Қараша 5, 2025 - 17:13
«Алладан да, халықтан да жасырмаймын!»: Мәжіліс депутаты некесіз туған ұлы бар екенін ашық мойындады
фото: әлеуметтік желіден

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев соңғы бірнеше апта бойы халық желіде талқылап жүрген әңгімені ақыры растады – оның неке сыртындағы ұлы бар екені шын болып шықты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұл оқиға Түркістан мәслихатының депутаты Нұрайым Шәкімерген желіде «отбасылық» суреттер жариялағаннан кейін басталған еді. Суреттерде ол, Қырықбаев және кішкентай бала бірге түскен. Сол кезде депутаттың жеке өмірі жайлы алып-қашпа әңгімелер өрши түсті. Енді міне, Қырықбаевтың өзі бұл мәселеге нүкте қойды:

«Балаға қатысты – ол менің ұлым. Оған өз тегімді бердім. Алладан да, халықтан да жасырмаймын», – деді ол.

Алайда депутаттан Нұрайым оның тоқалы ма деген сұрақ қойылғанда, ол жауап беруден бас тартты: 

«Бұл – менің жеке өмірім. Отбасылық құндылықтарды сақтау үшін бұдан артық ештеңе айтпаймын», – деді Қырықбаев. 

Сонымен қатар Қырықбаев өзін қаралауға тырысып жатқанын айтып, «мені халық сайлады» деп мәлімдеді. Бірақ қазір бүкіл ел осындай “құндылықтары” бар адамның депутаттық мінберде отырып, мораль туралы сөйлеуге құқығы бар ма деген сұрақ қойып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow