Алматы әуежайында адамды кепілге алған қаскөй былтыр автобуста жолаушыны соққыға жыққан

Наурыз 7, 2025 - 16:54
Наурыз 7, 2025 - 16:55
Алматы әуежайында адамды кепілге алған қаскөй былтыр автобуста жолаушыны соққыға жыққан
Бүгін Алматы халықаралық әуежайында ер адам әйелді шашынан ұстап, пышақпен қорқытып, кепілге алған оқиға болды. Журналист Жансейіт Қабылтаев Telegram желісіндегі парақшасында былтыр қаладағы автобуста әйел адамға шабуыл жасаған дәл осы адам болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
 
Журналистің айтуынша, әуежайда болған оқиға орнынан түсірілген кадрларда ер адам автобуста түсірілген видеодағы секілді киім киіп, сол рюкзакпен жүрген.
 
Әзірге шабуыл жасаушының жеке басы анықталған жоқ. Полицейлердің мәліметінше, ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 
Еске салайық, Алматыда автобус ішінде телефонмен қатты сөйлескен әйел адамды жолаушы зейнеткер соққыға жыққаны хабарланған болатын.
 
Ал бүгін әуежайда инспектор әйелді құтқарып қалған ер адамды президент Қасым-Жомарт Тоқаев награда беруді ұсынды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow