Алматы маңында екі адамды пойыз басып кетті

23 маусым кешкісін Аксенгер – Бурундай учаскесінде екі адам пойыздың астына түсті, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
«Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметінің мәліметінше, жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден кенеттен теміржолға шығып, арғы бетке өтпек болған.
Машинист белгі беріп үлгергенімен, арақашықтықтың тым жақын болуына байланысты тоқтай алмаған. Оқиға салдарынан екі адам да оқиға орнында қаза тапты.
Аталған жағдай бойынша теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






