Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды
Әлеуметтік желіде Алматы облысында тауға қонғаннан кейін зақымданған Ан-2 ұшағының видеосы тарады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Видеодан ұшақтың таулы аймақтағы беткейде, ағаштардың арасында қалып қойғанын көруге болады.
Желі қолданушылары оқиғаның Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Талдыбұлақ ауылының маңында болғанын айтады.
Көлік министрлігі болған оқиғаны растады.
«Авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес UP-A0091 тіркеу нөмірлі Ан-2 әуе кемесімен болған авиациялық апат адам шығыны жоқ авиациялық оқиға болып саналады және оны Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті тексереді», – деп түсіндірді министрлік.
Министрлік оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына департамент қызметкері жіберілгенін мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0