Алматы облысында жасөспірім 12 жастағы баланы қағып кетті

Мамыр 14, 2026 - 17:29
chat_bubble  0 visibility  0
Алматы облысында жасөспірім 12 жастағы баланы қағып кетті
Фото: видеодан скрин

Алматы облысында жасөспірім көлік тізгіндеп, 12 жастағы баланы қағып кеткен. Бұл ақпаратты Алматы облысы полиция департаменті растады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға Тұйғын ауылында болған. Жол-көлік оқиғасы туралы хабар түскеннен кейін полиция қызметкерлері дереу шара қолданып, көлік жүргізушісін анықтап, ұстаған.

"Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған JAC автокөлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар оның ата-анасына да екі бап бойынша әкімшілік шара қолданылды", – делінген ресми хабарламада.

Көлік айыптұраққа қойылған. Қазіргі уақытта полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Қорытынды процессуалдық шешім зардап шеккен баланың медициналық қорытындысы мен ауруханадан шығуынан кейін қабылданады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0