Алматы облысындағы тікұшақ апаты: екінші адамның денесі табылды
Қазір ресми тану рәсімі жүргізіліп жатыр

EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде екінші адамның денесі табылып, судан шығарылды. Қазіргі уақытта марқұмды анықтау және ресми тану рәсімі құзырлы органдардың қатысуымен жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іздеу жұмыстары тәулік бойы жалғасуда
Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, іздеу-құтқару шараларына:
- Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері;
- Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері;
- Ішкі істер министрлігінің арнайы бөлімшелері;
- Басқа да мемлекеттік құрылымдардың техникасы мен мамандары жұмылдырылған.
Жұмыстар тәулік бойы, үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, жақында Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті. Бұл ақпаратты Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі растады. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді. Кейінірек Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің акваториясынан Қазақстан Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі жоғалған тікұшақтың бөлшектері табылды. Ал іздеу жұмыстарына 400-ге жуық адам, 70-тен астам жер үсті техникасы, 21 жүзу құралы, 10 ҰҰА, эхолоттар, су асты сканерлеу құралдары, сондай-ақ кинологиялық есептоптар тартылды. Содан кейін Сорбұлақ су қоймасы аймағында жоғаған тікұшақты іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатқаны айтылды.
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Әуе қорғанысы күштерінің бес күн бұрын жоғалып кеткен EC-145 тікұшағын іздеу жұмысының барысымен жеке танысты. 11 тәулік бойы жалғасып жатқан тікұшақты іздестіру-құтқару операциясына 330-дан астам жеке құрам, 59 бірлік автомобиль техникасы, 23 жүзу құралы, 12 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ эхолоттар, георадарлар, авиация және кинологиялық топтар жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев 25 шілде күні Сорбұлақ көлі маңайында жоғалып кеткен әскери тікұшақты іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?






