Алматыда 13 жастағы қызға ақша ұсынған адам қамауға алынды

Қараша 10, 2025 - 22:33
app_badging Қараша 10, 2025 - 22:34
chat_bubble  0 visibility  15
Алматыда 13 жастағы қызға ақша ұсынған адам қамауға алынды
фото: видеодан скриншот

Алматыда ер адам 13 жастағы қызды өзімен бірге ертіп кету үшін оған ақша ұсынған, деп хабарлайды Sputnik.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Қыз бала бұл ұсыныстан бас тартқан кезде ол 100 мың теңге беремін деген, кейіннен соманы 300 мың теңгеге дейін көтерген.

Алматы қаласы полиция департаменті жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ер адам ұсталғанын хабарлады.

"Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Желідегі мәлімет бойынша оқиға Алматыдағы №50 мектептің маңындағы аялдамада болған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0