Алматыда балаларға арналған дәрінің ішінен есірткі шықты

Алматыда шетелден жеткізілген «аквамарис» дәрісінің қорапшасынан есірткі салынған сәлемдеме табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, марихуана мен есірткісі бар мармелад салынған сәлемдеме АҚШ-тен келген.
Есірткі поштаның қауіпсіздік қызметі мамандарының көмегімен анықталды.
«Сәлемдеме 30 жастағы жергілікті тұрғынға арналған. Оған АҚШ-тан марихуана мен есірткісі бар мармелад салынған сәлемдеме жіберген. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат салынған 27 қаптама табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қылмыстық сәлемдемені қандай мақсатпен алғаны және қаламызды есірткімен қамтамасыз ету арнасы анықталатын болады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






