Алматыда мейрамханалардың бірінде құттықтау кезінде өрт шықты(ФОТО)

Сәуір 29, 2026 - 12:01
app_badging Сәуір 29, 2026 - 12:01
chat_bubble  0 visibility  2
Алматыда мейрамханалардың бірінде құттықтау кезінде өрт шықты(ФОТО)
Фото: Видеодан скрин

Алматыдағы мейрамханалардың бірінде қонақтарды құттықтау кезінде пиротехникадан өрт шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Өрт кезінде дүрбелең туындағанымен, қызметкерлер оны дер кезінде сөндіріп үлгерген.

Желі қолданушылардың дерегі бойынша, оқиға 29 сәуірге қараған түні болған.

"Қызметкерлер шам мен фейерверк жақты. Бір сәтте ұшқын залдағы декорға тиіп, өрт шықты. Барлығы санаулы секундта болды, адамдар абдырап, дүрбелең басталды. Бақытымызға орай, өрт тез арада сөндірілді. Тағы бір минут болғанда, салдары әлдеқайда ауыр болуы мүмкін еді", – дейді жазба авторы.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, көрсетілген уақытта бұл мекенжайға шақырту түспегенін хабарлады.

"Алматының төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері заңнамаға сәйкес тексеру шараларын жүргізеді. Сондай-ақ шағым немесе ресми өтініш түскен жағдайда, барлық мән-жай анықталғаннан кейін тиісті әкімшілік шаралар қабылданады", – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0