Алматыда оқушылар дәлізге сыймай, бір-бірін таптап кетті

Оқу процесін ұйымдастыру жұмыстарын бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директоры қызметінен босатылды.

Ақпан 28, 2024 - 13:28
Ақпан 28, 2024 - 13:29
Алматыда оқушылар дәлізге сыймай, бір-бірін таптап кетті

Алматыдағы мектептердің бірінде оқушылардың дәлізге сыймай, бір-бірін таптап жатқаны жайлы видео тарады. Алматы Білім басқармасы бейнеге түсініктеме берді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған видеодан оқушылардың жапатармағай киім ілгішке барар жолда сыймай қалғанын байқауға болады. Бірді-екілі оқушы қысылып қалған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Казахстанский шоу-бизнес тут (@lavina.kz)

Қаланың білім басқармасы ақпаратты растады. Мектепте екі ауысымда 1426 оқушы оқиды, жобалық қуаты 870 орын.

«Биыл 27 ақпанда екінші ауысымнан кейін бірінші қабатта орналасқан мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде оқушылар сыймай қалды. Оған себеп – оқушылардың киіну процесін дұрыс ұйымдастырмау. Бұрын бұл мектепте мұндай жағдай болмаған. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады мекемедегілер.

Оқу процесін ұйымдастыру жұмыстарын бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директоры қызметінен босатылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow