Алматыда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сәуір 1, 2026 - 14:46
 0  11
Алматыда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
фото: sputnik.kz

Алматыда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Алматы қалалық соты.

Қылмыстық іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.

Сотталушыға тағылған айып - Қылмыстық Кодекстің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері". Қылмыстық іс жабық форматта қаралды.

"2025 жылы сотталушы кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, оның заңды өкілінің берген айғақтарымен, сондай-ақ сот сараптамаларының қорытындысымен дәлелденді", - дейді сотта.

Қылмыскер тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0