Алматыда жеңіл көлік тоқтап тұрған жүк көлігімен соқтығысты

Тамыз 7, 2026 - 10:55
 0  23
Алматыда жеңіл көлік тоқтап тұрған жүк көлігімен соқтығысты
Фото: Zakon.kz

7 тамыз таңғы уақытта Алматыда жол-көлік оқиғасы тіркелді. Hyundai маркалы автокөлік тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға бүгін таңғы сағат 04:50-де Алатау ауданында болды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Hyundai жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Сол сәтте ол көлікті басқара алмай, тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған.

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті: Hyundai жүргізушісі мен жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

Апат болған сәтте жүк көлігінің жүргізушісі көлікте болмаған.

Оқиғаның мән-жайын аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Zakon.kz мәліметінше, жеңіл көліктің жүргізушісі рульде қалғып кеткенін, соққыдан оянғанын айтқан.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0