Алматыдағы автобус апаты: автобус жүргізушісі рөлде көз жұмды
Алматыда қоғамдық көлік қатысқан адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, №131 бағыттағы автобус Жетісу ауданында Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota автокөліктерімен соқтығысқан.
Полицияның хабарлауынша, қозғалыс кезінде автобус жүргізушісінің кенеттен денсаулығы сыр берген. Соның салдарынан ол көлікті басқара алмай қалған. Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі көз жұмды.
«Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері апаттың нақты себептерін анықтауға мүмкіндік береді», - деп хабарлады Алматы қаласының Полиция департаменті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0