Алматыдағы қоқыс өңдеу зауытынан бөлшектелген мәйіт табылды

Ақпан 12, 2025 - 12:22
Алматыдағы қоқыс өңдеу зауытынан бөлшектелген мәйіт табылды
Фото: Pixabay.com

Алматыдағы қоқыс өңдейтін кәсіпорын аумағынан қоқыс саралау кезінде әйел адамның бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Алдын-ала мәлімет бойынша ер мен әйел 9 ақпанда жалдамалы пәтерде ішімдік ішкен. Кейін араларында жанжал туған. Ер адам әйелді пышақтап, кейін денесін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне тастаған.

Түркісб ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Күдікті ұсталып, уақытқа ұстау изоляторына қамалды. Алдын-ала дерек бойынша ер адам жанжал кезінде өзімен бірге тұратын әйел адамды өлтірген. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр", - деді полиция.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow