Алматыдағы жел сілкінісінің артында Қытай тұруы мүмкін бе?
Қытайға қарасты Қызылсу қырғыз автономиялы аймағы, Қырғыздың Алатауы мен Алматыда ғана жиі сілкіне беретіні сол қытайлардың жер асты тунелін жасаудағы дүмпуден бе екен деген болжам шын болмасына кім кепіл...
Соңғы уақыттарда Алматы өңірінде жерасты дүмпулерінің тым жиілеп кетуі расы керек, көп адамның күдігін тудырып отыр. Сол секілді әлеуметтік желі бетінде күн сайын қайталанып жатқан жер сілкіністеріне Қытайдың Қырғызбен шекаралас Қызылсу өңіріндегі жерасты туннел құрылысы әсер етіп жатуы мүмкін деген пікір тарап жатыр, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Олардың айтуынша, туннел қазу үшін қытайлар жер астында сұмдық жарылыстар жасап жатыр. Осының салдарынан сейсмикалық толқын тарап жақын маңдағы елдер, соның ішінде Қазақстан аумағында жер сілкінісі жиілеп кеткен.
Алматыдағы жел сілкінісінің артында Қытай тұруы мүмкін екенін қоғам белсендісі Әділет Ахмет те жоққа шығармайды.
«Бұл мүмкін сәтсіз болжам. Мұны мен ойдан шығарып отырғаным емес. Кейбір кісілер осылай деп қарайды. Қытай Қырғыз республикасына қарай таулы аймақ астынан тунел өткізуде. Тунел үшін жер астын аса жойқын жарылғыш заттармен дүмпітіп жарады. Ол қара жерді кәдімгідей тербелтеді. Сілкіністі зерттеп, естелікке алатын мамандардың айтуынша, 15 қаңтардан бері 7000 реттен астам жер дүмпуі болған екен. Жер өздігінен солай неше мыңдап сілкіне беретін нәрсе ме, ол жағын біз білмейміз. Халық айтса қалт айтпайды. Бір кезде Жапонияда болған жойқын жер сілкінісі табиғи емес, атом зауытының бүлінуінен деп те жүр ғалымдар. Сол секілді, Қытайға қарасты Қызылсу қырғыз автономиялы аймағы, Қырғыздың Алатауы мен Алматыда ғана жиі сілкіне беретіні сол қытайлардың жер асты тунелін жасаудағы дүмпуден бе екен деген болжам шын болмасына кім кепіл. Әлемнің астын әлекке салған тәжвирустың да авторы қытекеңдер ғой.
Иә, біз тағдырын Тәңірден деп білетін мұсылман жұртпыз. Бір уақыт бұл дүмпулер Құдайдан ба, қытайдан ба деп ойлана жүрудің артығы жоқ. Шынында сондай болып жатса іргекөршімен тілдесе отырып, зерттеу жүргізген жөн. Дегенмен, айлалы жұрт алдыра да қоймайды.
Бүгін 10.16 шамасында біршама қатты сілкінді. Негізі, түн ішінде де біршама сілкінді. Оны қатты ұйқыдағы жұрт сезбесе керек. Құсұйқы адамдар - біз сездік. Кейде біздің түйсігімізге бірдеңе түсе қалады. Ара-тұра ол да дәл келе қалатыны бар. Бірақ, үнемі тура келе бермейді))
Алла бізді апаттардан сақтасын.
Дегенмен, мұндай дүмпу қытайдан болсын, Құдайдан болсын, адамзат баласы, алаш тұқымы, қазақ жұрты жүрегіміздегі мейірімді оятып, тіршілігіміз бен құлшылығымызды сәйкестіре жүргеніміз абзал. Он бір ғасыр бұрын Әбу Насыр бабамыздың “Қайырымды қала тұрғындары” атты ғажап трактатты жазуында үлкен мән бар. Қазақта бір сөз бар, базары жақын байымас деген. Ол байлық дүнияуи байлық емес, кісілік байлық, сыйластық, қысқасы адами құн.
Қала тіршілігі адамдар мейірімін азайтататын қатал өмір. Оның үстіне сен тиме де, мен тиме, өзімшілдікті өзелене дәріптеп жатқан батыс пен шығыстың идеологиясы қарша борап тұр. Қазақы ізгі мінезіміз бүлінді. Бұл да кісіні ойландырады», - дeп жaзғaн өзiнiң Facebook пaрaқшaсындa.
25 қаңтардан 26-сына қараған түні Алматыда тағы да жер сілкінді. Сейсмолог мамандар 3 бал болатын бұл тербелістің ошағы әдеттегідей Қытай аумағы екенін хабарлады. Сол секілді 23 қаңтарда болған сейсмикалық тербелістер де Қытай-қырғыз шекарасында болған қатты жер сілкінісіне байланысты болған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?